Колледж тарихы
Колледж 1940 жылы құрылған. 1996 ж. бұрынғы Темір жол училищесі базасында "№8 Кәсіптік- техникалық мектеп" негізін қалап, 2008 жылдан бастап мектеп "№4 Кәсіптік лицей" мәртебесіне ие болды. 2012 жылы Астана қаласы әкімдігінің №107-638 қаулысына сәйкес Астана қаласының №4 кәсіптік лицейі "Мемлекеттік мекемесі өзгерту енгізуге байланысты Астана қаласы әкімдігінің "Техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта өзгертілді.
Педагогикалық құрамы: Колледжде барлығы 32 оқытушы және 12 өндірістік оқыту шеберлері қызмет етеді. Оның ішінде 5-і жоғары біліктілік санатты, 6-ы бірінші санатты, 12-сі екінші санатты.
Материалдық-техникалық базасы:
Шеберханалар: слесарлық,токарлық цех, дәнекерлеу цехы.
Зертхана: UniTrain-Iжүйесі
Виртуалдық құрал-саймандар жиынтығы бар өлшеу интерфейсі
UniTrain-I жүйесі
Электромонтаждау кабиналары
UniTrain-I жүйесі
Лифт моделі (3 қабаттың)
3 интерактивті сынып, 2 футбол алаңы, кітапхана, оқу залы, ғаламтор, Жастар ісі жөнідегі комитет, спорт залы, асхана, жатақхана.
Жатақхананың болуы: Жатақхана бар.
[К6]Колледждің жетістіктері
Колледж қала кәсіпорындарына қажетті жұмысшы мамандарды даярлауда Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша даярлық жүргізеді. 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша колледж Астана қаласы білім басқармасының үздік "Әлеуметтік серіктестік" үшін номинациясына ие болып, мадақтама қағазымен марапатталды. Колледжде дуалды оқыту жүйесі енгізілді. 8 меморандумға және өндірістік тәжірибеден өту туралы 156 келісім шартқа қол қойылды.
Мамандықтар туралы мәлімет:
Бейін 1100000 Көлік:
Мамандық: 1109000 -Токарлық іс және металл өңдеу (салалар бойынша)
Біліктілік:110910 2 – Кең бейінді станокшы
Жатақхана бар.
Жұмыспен қамту 100%
Бейін: 1400000 Құрылыс және коммуналдық шаруашылық:
Мамандық :1415000 - Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)
Біліктілік:41501 2 – Лифт электромеханигі
Жатақхана бар.
Жұмыспен қамту 100%
Бейін: 1100000- Көлік (сала бойынша)
Мамандық:1108000 - Темір жол қозғалыс құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
Біліктілік:110806 2 – Тепловоз машинисінің көмекшісі
Жатақхана бар.
Жұмыспен қамту 100%
Бейін: 1100000- Көлік (сала бойынша)
Мамандық: Темір жол қозғалыс құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
Біліктілік: 110807 2 – Электровоз машинисінің көмекшісі
Жатақхана бар.
Жұмыспен қамту 100%
Бейін: 1100000- Көлік (сала бойынша)
Мамандық: 1108000 - Темір жол қозғалыс құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
Біліктілік: 110803 2- Вагондарды жөндеу слесарі
Жатақхана бар.
Жұмыспен қамту 100%
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Өтініш;
Білімі туралы куәлік;
Жеке куәлігі (туу туралы куәлігі) көшірмесі, жеке куәлігінің түпнұсқасы болу шарт;
086-У нысандағы медициналық анықтама, егу картасы, флюорография, нарколог және психиатр мамандарынан алынатын анықтама қағаздары;
ИИН (көшірмесі);
3х4 көлемдегі фотосурет – 10 дана;
Тұрғылықты жерден анықтама қағазы;
Отбасы құрамы туралы анықтама қағазы;
Қазақстан бойынша маркалы конверт- 2 дана.
Байланыс:
Қабылдау бөлмесінің тел.: (8 7172) 607-508
факс: (8 7172) 607-509
e-mail:proftex4@mail.ru
Толығырақ